Топ посты
Aуруға төзудің өзі – сіздің амал дәптеріңізге жазылатын сауап 🥹💔 Алла Тағала дертпен сынаған пендесінің күнәсін кешіреді. Бұл жайлы хадисте: «Мүмінге келетін шаршау, ауру, қайғы, уайым, азап, тіпті аяғына кірген тікен де бекер емес. Алла осы ауыртпалығы арқылы оның күнәларын кешіреді»✨ Сахаба Муаз ибн Жәбал (р.а.) айтады: «Алла бір мүмін құлын аурумен сынағанда сол иықтағы періштеге «Оның күнәларын жазуды тоқтат» дейді. Ал оң иықтағы періштеге «Менің бұл пендеме өзінің дені сау кезінде жасаған ең жақсы амалының сауабын жаз, өйткені ол менің панамда»🥹 Сол үшін бұл сізге келген мүмкіндік. Осы жағдайдың болуында да хикмет бар. Аллаға шүкір деңіз💫