Топ посты
Рамазан айының соңғы 10 күнінде жасау керек 5 амал 💛 “Қадір түні мың айдан артық.” ЕСЕПТЕСЕК, 1000 ай дегеніміз 83 жыл 4 айлық уақыт екен. Демек, Қадір түніндегі құлшылығымыз 83 жылдық ғибадаттың сауабына тең болмақ 😩🥹 95 жылдық адам өмірін алсақ, оның 15 жылы балиғат жасы болып саналады, сонда толық 80 жыл өмір сүргені. Ендеше, адам өмірінде бір қадір түніне дөп келу, бүкіл өмірін құлшылықпен өткізгендей сауапқа кенелтеді. (тіпті адам ол жасқа жетпеуі де мүмкін, бірақ сауабы нендей) 💔 1. Намаз🕌 Ең кемінде 2 ракағат нәпіл намаз оқу. Сонда, 83 жыл 4 ай үздіксіз нәпіл намазда болған адам боласыз. 2. Садақа беру 💰 Қадір түніне дөп түссеңіз, 83 жыл күнде садақа бергенмен тең болады. 3. Ықылас сүресін 3 рет оқу (Құран оқу)📖 Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім «куль һуә Аллаһу ахад» сүресін оқыса, Құранның үштен бірін оқығандай болады», - деген. Получается, 3 рет оқыса, Құранды түгелімен оқығанға тең.😍😍🫶🏼 4. Тілді зікірден босатпау, шүкір ету, Аллаһты мадақтау 📿 5. Көп дұға ету.🤲🏻 Сұрайтыныңды от души сұрап алу, НЕВОЗМОЖНЫЙДЫҢ БӘРІ ВОЗМОЖНЫЙ ЕКЕНДІГІНЕ ТОЛЫҒЫМЕН сену. Ақырет жақсылықтарын сұрау 😭🫶🏼 ⭐️⭐️⭐️ Аллаһ Қадір түнін Рамазан айының соңғы 10 күнінің тақ түндеріне жасырған. Бірақ, әр тақ түнін Қадір түніндей өткізсек, ин ша Аллаһ, Аллаһ мейірімді ғой, барлық түнін Қадір түні етуге толығымен Құдіретті екендігіне өз басым толығымен именемін.🤲🏻 Аллаһ құлшылықтарымызды, ғибаттарымызды, дұғаларымызды қабыл етсін✨